ирандық саясаткер, 2024 жылғы 19 мамырдан Уақытша президент From Wikipedia, the free encyclopedia
Мұхаммед Мохбер[1][2] (кейде Мұхбар,[3] парсы: محمد مخبر, [mohæmmæd moxbeɾ]; 26 маусым 1955 жыл, Дизфуль) — ирандық саясаткер, 2024 жылғы 20 мамырдан шілдеге дейін Иран президентінің міндетін атқарушысы және 2021 жылғы 8 тамыздан 2024 жылғы шілдеге дейін елдің Бірінші вице-президенті. Уақытша президент қызметіне Мохбер 2024 жылғы мамырда орын алған Варзақандағы тікұшақ апатында президент Ибраһим Раисидің өлімінен кейін тағайындалған еді.[1]
Мұхаммед Мохбер парсы: محمد مخبر | ||||
Мохбер, 2023 жыл | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
20 мамыр 2024 — 28 шілде 2024 | ||||
Ізашары | Ибраһим Раиси | |||
Ізбасары | Масуд Пезешкиан | |||
Жоғарғы көсем | Әли Хаменеи | |||
| ||||
8 тамыз 2021 — 28 шілде 2024 | ||||
Президент | Ибраһим Раиси өзі (м.а.) | |||
Ізашары | Эсхак Джахангири | |||
Ізбасары | Мұхаммед-Реза Ареф | |||
| ||||
20 қыркүйек 2022 жылдан бастап | ||||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | Партиясыз | |||
Дүниеге келуі | 26 маусым 1955 (69 жас) Дизфуль, Хузестан, Иран шаһаншаһ мемлекеті | |||
Қызмет еткен жылдары | 1980–1988 | |||
Құрамында болды | Медициналық корпус | |||
Әскер түрі | Ислам төңкерісі қорғаушыларының корпусы | |||
Шайқасы | Иран-Ирак соғысы | |||
Қолтаңбасы | ||||
Мұхаммед Мохбер Ортаққорда | ||||
өңдеу |
Бұрынғы бірінші вице-президент ретінде және Иран Жоғарғы көсемінің мақұлдауымен Мохбер бұрынғы президент қайтыс болғаннан кейін, Конституцияға сәйкес, Иран президентінің міндетін атқарушы ретінде «Президенттің өкілеттіктері мен міндеттерін» қабылдады. Содан кейін Президенттің уақытша кеңесі құрылады да (құрамында Президенттің міндетін атқарушыдан басқа тағы, Кеңес спикері және сот билігінің басшысы бар), ол кеңес 50 күн ішінде жаңа сайлауды ұйымдастырады.[4]
Президент міндетін атқарушысы лауазымынан басқа Мохбер, оған қоса, — 2022 жылғы қыркүйектен бері Нысаналылық кеңесінің мүшесі. Бұрын ол сонымен қатар Имам Хомейнидің бұйрығын орындау комитетінің (Сетад) басшысы, Sina Bank басқармасының төрағасы және Хузестан останы губернаторының орынбасары болды.
Мохаммад Мохбер 1955 жылғы 1 қыркүйекте[5] Иранның Дизфуль қаласында[6] діни қызметкерлер отбасында[7] дүниеге келген. Оның екі түрлі докторлық дәрежесі бар; халықаралық құқық бойынша докторлық ғылыми жұмыс (және магистратура) және менеджмент бойынша докторлық дәрежесі бар.[8] Оның сонымен қатар менеджмент бойынша магистр дәрежесі бар.[9]
Мохбер Иран-Ирак соғысы кезінде Ислам төңкерісі қорғаушылары корпусының (ИТҚК) медициналық бөлімшесінде офицер болған. 1990 жылдары Мохбер туған қаласындағы Dezful Telecommunications компаниясының бас директоры, кейін Хузестан останы басшысының орынбасары болған. 2000 жылдардан бастап он жылдай Sina Bank төрағасы болды. Кейін ол Мостазафан қорының жоғары лауазымды қызметкері болды да, 2007 жылы Имам Хомейнидің бұйрығын орындау (Сетад) басшысы ретінде тағайындалды.[10][11]
2021 жылғы 8 тамызда президент Ибраһим Раиси Мохберді Иранның бірінші вице-президенті етіп тағайындады да, Мохбер бұл лауазымды атқаратын жетінші адам болды.[6] 2022 жылғы қазанда ол Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдау үшін Ресейге Шахед ұшқышсыз дрон мен зымырандарын жіберу туралы келісімді аяқтау үшін ИТҚК шенеуніктерімен және Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің қызметкерімен бірге Мәскеуге жіберілді.[12]
2024 жылғы 19 мамырда президент Ибраһим Раиси өлімінен кейін Мохбер Иран президенті міндетінінің атқарушы рөлін атқарып кетті[13] және оны 20 мамырда жаңа президенттік сайлау өткізілгенге дейін Жоғарғы көсем Әли Хаменеи бекітті.[14] Мохбер 22 мамырда Тегерандағы Раисидің жерлеу рәсіміне қатысты.[15]
Мохбер президент ретінде 27 мамырда 2024 жылғы Иранның парламент сайлауынан кейін шақырылған жаңа Исламдық ақылдастық кеңестің отырысында алғаш рет көпшілік алдында сөз сөйлеп, Раисидің президенттігін жоғары бағалады.[16]
Сол жылғы 28 шілдеде жаңа сайланған президент Масуд Пезешкианның ұлықтау рәсімінен кейін Мохбердің президент өкілеттігі аяқталды.
2010 жылғы шілдеде Еуропа Одағы сол кезде Сетад президенті болған Мохберді «ядролық немесе баллистикалық зымыран қызметі» мәселесіне қатысы бар деген айыппен санкция беретін тұлғалар мен ұйымдардың тізіміне енгізді. 2012 жылы Мохбер тізімнен шығарылды.[17] 2021 жылы Мохберге Америка Құрама Штаттары Сетадтың «биліктің қарсыластарынан жер мен мүлікті тәркілеу арқылы диссиденттердің құқықтарын бұзудағы рөліне» және адам құқықтарын бұзғанына қатысты санкция салынды.[11]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.